САЛТАНАТТЫ ЖИЫН

 

      Кеше Павлодар қаласындағы Естай атындағы мәдениет сарайында металлургтердің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Оған облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты.
     Мерекелік кеш шымылдығы аймақтың экономикасын алға бастап келе жатқан ірі кәсіпорындардың тыныс-тіршілігіне арналған бейнефильммен ашылды. Жиында сөз алған аймақ басшысы Бақытжан Сағынтаев ел экономикасын еселеуші маңызды салалардың бірі металлургия, оның ішінде облысымыз өзгелерден көш ілгері екенін айрықша атап өтті. Сондай-ақ ол өңірімізде ауыр және жеңіл өнеркәсіп бағыттары мыңдаған металлургтер қауымының маңдай тер еңбегі арқасында жоғары нәтижелерге ие болып отырғанын жеткізді.
     - Металлургтер еліміздің, аймағымыздың көркеюіне сүбелі үлес қосуда. Соның бір айғағы - жуырда ғана ашылған «Қазақстан электролиз заводы» АҚ-ның екінші кезеңі. Ал оның ашылуына Елбасының арнайы қатысуы өндірістік нысанның маңызын арттыра түскені анық. Елбасымыз үдемелі индустриалдық даму бойынша нақты тапсырмалар берді. Облысымыз осы талаптарды толығымен орындайтын болады. Барша металлургтер қауымына табысты еңбек тілеймін, - деді облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев құттықтау сөзінде.
     Кеште бір топ қызметкерлер «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» медалімен, облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен марапатталды.
Салтанатты жиында «Қазақстан алюминийі» АҚ және «Қазақстан электролиз заводы» АҚ президенті Алмаз Ибрагимов әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, ірі кәсіпорындардың бүгінгі хал-жағдайларын, алдағы жоспарларын баяндап берді. Соңынан еңбекте ерекше көзге түскен бірқатар қызметкерлерді марапаттады. Кеш соңы мерекелік концертке ұласты.

Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Шілде 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31