Тарихтың кешегісі мен бүгінін сабақтастырып, елді еңселі ертеңіне бастар сара жолға бағыттап отырар ел ағалары қай кезде, қай халықта болмасын сыйлы, қадірлі. Соңынан ерген ізбасар інілеріне ақыл-кеңестерін аямай, жас буынның мықты маман болуына себепкер болатындар да солар. Артына сара жол қалдырып, еліне сыйлы азаматтардың қатарынан биыл 31 жыл ғұмырын құқық қорғау саласына арнаған ардақты Қосман Уәпұлы Жұмашевты еске алу кеші өтті.
Успен ауданының ішкі істер бөлімінің құрметті ардагері Қосман Уәпұлы - құқық саласына еңбегі сіңген жандардың бірі. Осыдан отыз бір жыл бұрын ол өзінің алғашқы еңбек жолын Лебяжі ауданының ішкі істер бөлімінде милиционерлік қызметінен бастаған. Білімін жетілдіру мақсатында Қосман Жұмашев Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі жоғарғы мектебін сырттай тәмәмдап, 1981-1986 жылдар аралығында ішкі істер басқармасында МАИ инспекторы болып жұмыс істейді.. Жылдан-жылға қызмет бабымен көтеріліп, біліктілігі мен тәжірибесі арта бастаған Құсман аға Шарбақты, Лебяжі аудандарының ішкі істер бөлімінде талай жылдар еңбек сіңіреді. Құрметті азамат 2001 жылы Успен ауданының ішкі істер бөлімінің бастығының орынбасары және кадрлар жетекшісі жұмысына ауыстырылады. Дәл осы қызметте жүріп, зейнеткерлікте болатын.
Бүгінде Қосман аға Шайза апаймен төрт бала тәрбиелеп, немересі мен жиендерінің қызығына бөленіп, бақытты күн кешуде. Қосман аға үш ұлының арасындағы жалғыз қызы Бақытгүл өзінің жолын қуғанын мақтан тұтады.
А.ОМАРОВА.

