НАГРАДАЛАР ИЕСIН ТАПТЫ

Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерліктері үшін наградаға ұсынылып, бірақ түрлі себептермен оны дер кезінде ала алмаған жерлес ардагерлер Жеңіс мерекесі қарсаңында қуанышқа кенелді. Ардагерлер Андрей Двойнов пен Дүйсемхан Божаков сондай қарт жауынгерлердің қатарынан табылды. «Ештен кеш жақсы» деген. Оларға берілетін наградаларды табыстауға байланысты облыс орталығында ұйымдастырылған салтанатты шараға жастар қауымы, Ауған соғысының ардагерлері қатысты. Ресей асып келген наградаларды аталмыш мемлекеттің Қазақстандағы елшілігінің қорғаныс істері жөніндегі атташесі, генерал-лейтенант Николай Покась табыстады. Өкінішке қарай, Дүйсемхан ақсақал бұл күнге жете алмай, дүниеден өтіпті. Марқұм ардагерге берілген «Қызыл Жұлдыз» орденін  Семей қаласынан арнайы келген ұлы Дулат Божаков алды. Ал А.Двойнов «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталды. «Қуанышымда шек жоқ. Аталмыш наградаға ұсынылғанымды білемін. Көп күттім. Күдер үзе бастаған едім. Енді, міне, бүгін қуанышқа кенеліп отырмын», - деді ардагер.


Данияр ЖҰМАДІЛОВ.
 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Мамыр 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
           
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31