ЕРЛЕРІМ БАР ЕЛІМ ДЕП ЕМІРЕНГЕН

Қаншама жылдар өтсе де, ел өмірі үшін мәнін жоғалтпайтын оқиғалар болды. Осындай мәңгі ұмытылмас тарихи сәттің бірі – Ауған соғысы. Әсіресе, 1995 жылғы 7 сәуір күнгі орын алған қайғылы оқиға қазақ елінің қабырғасын қайыстырды. Сол күні тәжік-ауған шекарасында Қазақстан ішкі әскерінің он жеті жауынгері ерлікпен көз жұмған болатын. Бөтен елде, жат жұртта, жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде қапыда қаза тапқан он жеті ержүрек сарбаздың бірі —- жерлесіміз, Железинка ауданының тумасы, бірінші дәрежелі «Айбын» орденінің иегері Қанат Ыдырышев.
Ол ертегі-аңыздағы Алпамыс, Қобыланды, Ер Төстіктер сияқты анадан туа салып айлап-апталап өсіп, бірден батыр бала бола қойған жоқ. Мектепте де ешкімнен озып, я кейін қалып көрген жоқ, ел қатарлы оқыды. Бастауыш сыныптарда Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова мен мен Мәншүк Мәметованың, Төлеген Тоқтаров пен Талғат Бигелдиновтың ерліктерін көңілге тоқып, зердесіне түйді. Ауыл балалары жиылып ойын ойнай қалса, сол батыр аға-апаларына ұқсауға тырысатын. Сондықтан болар, мектеп бітіріп, ер жеткен шағында бірден Отан алдындағы борышын өтеуге аттанады. Сол шақта, бала кезінен батырларға еліктеп өскен жас сарбаз өзінің де батыр атанатынын білмеген еді.
ТМД елдері арасындағы ұжымдық қауіпсіздік туралы үкіметаралық келісімге сәйкес, Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерінің құрама ротасы 1994 жылдан бастап тәжік-ауған шекарасын күзетуге қатысқан болатын. Шамамен бір жылдан соң жоғарыда аталған орны толмас қайғылы оқиға орын алды. Таулы Бадахшанның Пшихавр шатқалы арқылы өтіп бара жатқан  қазақстандық сарбаздарға ауған моджахеттері тұтқиылдан шабуыл жасады. Қашанда Отан үшін от кешуге әзір біздің жауынгерлеріміз саны өздерінен бірнеше есе көп жаудан тайсалмай, қарсы соққы берді. Алайда, бес сағатқа     созылған осы шайқас кезінде                                      17 қазақстандық сарбаз қаза тапты. Міне, содан бері мемлекетіміздің ішкі әскерінің барлық әскери бөлімінде осы сарбаздарды еске алу шаралары өтіп келеді. Республикамыздың көптеген өңірінде ержүрек жауынгерлерге арнап ескерткіш белгілер қойылып, білім ордалары мен көшелерге олардың есімдері берілуде.
Қазақстандық батальон құрамындағы бұл жауынгерлер ТМД шекарасын ерлікпен қорғап, мемлекетіміздің қауіпсіздігі үшін құрбан болды. Бүгінгі біздің бейбіт өмірімізге өз үлестерін қосты. Шынайы патриотизмнің үлгісін көрсеткен олар ешқашан ұмытылмайды. Мысалы, аймағымызда Қ.Ыдырышевті еске алуға арналған көптеген шаралар өткізіліп тұрады. Жақында Павлодар қаласында орналасқан 5512 әскери бөлімшесінің басшылығы және офицерлік құрамы марқұм Қанат Амангелдіұлының кіндік қаны тамған ауылында болып, туған-туыстарымен кездесіп қайтты. Железинка ауданының Березовка орта білім беру мектебінің кіре берісінде Қ.Ыдырышевке арналған ескерткіш тақтасы орнатылыпты. Ал мектеп ауласында шағын обелиск тұрғызылған. Білім ордасының музейінде батырға арналған бұрыш бар. Әскери бөлімше өкілдері жергілікті оқушыларымен кездесу өткізіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Мектепте жыл сайын батыр жерлестерін еске алуға арналған түрлі шаралар тұрақты өткізіліп тұрады екен.
Тәуелсіздігімізді тұғырлы да ғұмырлы ету, елімізді өркендету үшін ең маңызды нәрсе – Отанымыздың амандығы. Осы мақсат жолында кеудесін оққа тосқан жауынгерлеріміздің ерен ерлігі ұрпаққа үлгі. Жат жерде шыбын жанын шүберекке түйiп, Отан алдындағы борышын адал орындауды ғана мақсат тұтқан осынау жауынгерлердiң елге сiңiрген еңбегi де мол, беделi биiк. Қандай iсте болмасын олар қиындықтан тайсалмаған. Сонау қайғылы оқиғадан бері он алты жыл уақыт өтсе де, ел қорғаған ерлердің есімі ұмытылған жоқ. Атап айтқанда, Ержан Әбдиев, Ержан Байбағысов, Еркін Байғабылов, Қалмақан Бақбаев, Ербол Бекебаев, Бауыржан Далабаев, Жақсылық Жансүгіров, Имомаддин Жұматов, Қанат Ыдырышев, Ербол Исабаев, Радик Қаймулдиев, Михаил Мартыненко, Еркебұлан Мақажанов, Анатолий Мешков, Дастан Нұрметов, Әлихан Өгізбаев, Тахир Рахымжановтардың қай-қайсысы да құрметке лайық.


Данияр ЖҰМАДІЛОВ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Мамыр 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 6 7
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31