ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Кеше Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында соғыс және еңбек ардагерлерінің құрметіне арналған мерекелік кеш өтті. Жеңіс күніне орай ұйымдастырылып отырған игі шараға Ұлы Отан соғысының ардагері Андрей Молчанов, ауған соғысына қатысқан Мұратбек Хасенов және бір топ тыл еңбеккерлері шақырылды.
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры, филология ғылымының докторы, профессор З.Темірғазина ардагерлерді ұжым атынан алдағы айтулы мерекемен құттықтап, халық үшін бұл мерекенің маңызы зор екенін атап өтті. Кеш барысында ардагерлерге ақ дастархан жайылып, институттың өнерлі студенттерінің қатысуымен мерекелік концерт ұсынылды. Сонымен қатар, естелік сыйлықтар табыс етілді.


Н.АҚЫТЕГІ.
  

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Мамыр 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 6 7
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31