ЖАУЫНГЕРЛЕР ЕСІМІ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

1939 жылы Германияның Польшаға жасаған шабуылымен басталған Екінші дүниежүзілік соғыс барша адамзаттың жанын түршіктірген алапат майданға ұласты. Жас пен кәрі, ана мен бала аяусыз азапқа ұшыраған алапат жылдар кім-кімнің де жүрегіне салмақ салып, толғандырады.
Аталған қырғынның алауынан қазақ халқының ұландары да аман қалмады. Толарсақтан саз кешкен өр ұландар фашистік Германияның туын біржола жығуына аянбай үлес қосты. Аласапыранның алдыңғы легінде жан беріп, жан алысқан дала қаһармандары бүкіл одаққа ерліктерімен танылды. Солардың қатарында Кереку өңірінен шыққан жауынгер батырлардың да орны ерекше болғандығы анық. С.Мүткенов, М.Қайырбаев, Қ.Қамзин бастаған Отан амандығы үшін жанын жау қарауылына тіккен қаһармандар есімін ұзақ тізбелеуге болады. Майдан алаңында белгісіз, хабарсыз кеткен жауынгерлер де аз емес. Оны түгендеп жоқтайтын, келер ұрпақ, соңындағы елі екені сөзсіз.
Аталған мақсатта, «Майдан жолы ізімен» атты жобаның негізінде 2008-2010 жылдары Павлодар облыстық  Г.Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайы қызметкерлерінің бастама көтеріп, Павлодар облыстық мәслихаты депутаты Ж.Қамзиннің қолдауымен бірқатар істер атқарылды. Әсіресе, соғыс алауы ерекше маздаған Ресейдің Ленинград облысындағы  Синявинск биігі маңындағы іздестіру мен зерттеу жұмыстары барысында 2009 жылы үлкен жетістіктерге қол жетті.  Қазақстандық жауынгерлерді іздеу экспедициясына Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры М.Құсайынова мен С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері қоса жұмылдырылып, небары екі аптада атаусыз қалған 549 жауынгердің зираты белгілі болды. Табылған сарбаздар арасынан әскери медальдары арқылы олардың 21 -нің кім екендігі анықталды. Олардың біреуі Оңтүстік Қазақстан өңірінен соғысқа аттанған жауынгер болып шықты.
 Осы жоба бойынша 2010 жылы да зерттеу жұмыстары тыңғылықты жалғасқан болатын. Синявинск биігіндегі майдан орнына павлодарлық соғыс құрбандары үшін мемориалды тақталар мен ескерткіштер орнатылды. Шара қорытындысы ретінде баспасөз клубтары ұйымдастырылып, майданда қолданылған заттар көрмеге қойылды. Ұрпақты Отансүйгіштікке бастайтын мұндай шаралар жалғасын таба бермек.
Иә, «ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген ұранды жалау еткен экспедиция қызметін бағаламасқа болмайды.  Отты күндерде жан берген халықтың батыр ұлдарын ұлықтау - келелі іс. Сондықтан, қашанда «балам дейтін Қазақ даласынан елім дейтін ұлдардың» шыға беретініне сенім кәміл.


Ж. АМАНТАЙ.
 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Мамыр 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 6 7
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31