АЙШЫҚТЫ КҮНГЕ АРНАЛДЫ

Жеңіс күні қарсаңында Павлодар қаласында «Ескерткіштен-ескерткішке» атты автокеруен ұйымдастырылды. Жеңіс алаңынан бастау алған акцияға Ұлы Отан соғысы ардагерлері, тыл еңбеккерлері, жастар ұйымдарының өкілдері мен қала мектептерінің оқушылары қатысты. Ұлы Отан соғысы құрбандарын үнсіздікпен еске алған соң, жиналған қауым Кеңес одағының батыры Қанаш Қамзин ескерткіші, Ленин көшесінде орналасқан ескерткіш танк, Мир көшесі бойындағы «Жеңіс әскері», сондай-ақ, Ленин кентіндегі даңқ обелискісіне жол тартты. Соңғы аялдама - Павлодар қаласындағы «Даңқ» ескерткіші.
№7 мөлтек ауданның ардагерлер кеңесінің төрағасы Мәті Бақтияров: «Мұндай шаралардың өтуі жастардың патриоттық сезімі мен Ұлы Жеңіс мерекесінің маңызын түсінуге жол ашады. Сондай-ақ, біздер ардагерлер үшін де ерекше құрмет, ерекше көңіл-күй сыйлайтын мейрам. Осындай құрмет жасап отырған жастарға алғысымыз зор!» деп ағынан жарылды.
***
Ұлы жеңіс мерекесіне орай, Павлодар қаласындағы Орталық жағажай алаңында жеңіл атлетикадан дәстүрлі спартакиада өтті. Шараға қала және оған жақын маңдағы ауылдардағы мектептерден оқушылар, жоғары оқу орындарының студенттері және түрлі кәсіпорындар қызметкерлері қатысты. Үш кезеңдік жарыста эстафеталық жүгіру бойынша үздіктер анықталды.
Шараға өз шәкірттерін ертіп келген Павлодар қаласындағы Абай атындағы дарынды балаларға арналған №10 лицей- мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Сағидолла Шахманов: «Мұндай шаралар оқушылардың салауаттылығына, шымырлығына жол ашады. Жас шәкірттерді мейлінше көбірек қатыстыруға тырысамыз. Бұл - бәріміз үшін спорттық мереке!» -  деген лебізін білдірді.
 Жарыс жеңімпаздарына ақшалай сыйлықтар мен мақтау қағаздары табыс етілді.


Жарқынбек АМАНТАЙҰЛЫ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Мамыр 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31