САУЫҚТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

 

    Жақында жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында облыстық семинар өткізілді. Семинар тақырыбы – облыстағы мүгедек жандарды сауықтыру мәселелері.
    Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Н.Ким аталмыш басқарамаға қарасты бірқатар мекемелердің жаңа стандарттарға өтетіндігін хабарлады. Сондай-ақ, Нина Михайловна әрбір құжатпен жұмыс жасау кезінде абай болу қажет екендігін еске салды. Сонымен қатар, «Мүгедектердің қоғамда өздерін еркін сезінулері үшін барлық жағдайларды жасауымыз керек»,- деп атап өтті өз сөзінде ол.
      Мүгедектермен және ардагерлермен жұмыс жасау бөлімінің бастығы Г.Қамалова, әлеуметтік мекемелердің жұмысын үйлестіру бөлімінің бастығы А.Рахимова, бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру бөлімінің бастығы О.Загурская, ішкі бақылау бастығы Ж.Рысмағанбетова, ұйымдастыру бөлімінің бастығы А.Мұхаметалинова, құқықтық бөлім бастығы Р.Қайдарова баяндама жасады. Олар облыстағы мүгедектердің құқығы туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы Конвенциясын ратификациялауға дайындық, мемлекеттік мекемелерде құжаттандыруға қойылатын талаптар, ҚР 29.12.2008 жылғы «Арнайы әлеуметтік мекемелер туралы» Заңын жүзеге асыру жолдары, мемлекеттік сатып алу жайлы заңның қадағалануы секілді өзекті тақырыптарды қозғады.
     Жиын соңында Н.Ким: «Осындай түсіндіру семинарлары әрбір аудан мен селолық округтерде ұйымдастырылуы қажет»,-деді. Мұны аудандардан келген өкілдерге тапсырды.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Шілде 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 25
26 27 28 29 30 31