ҚҰРЫЛТАЙ - ЕЛОРДА ТӨРІНДЕ

25-27 мамыр күндері Астана қаласында Дүниежүзі қазақтарының IV құрылтайы өтеді. Оған әлемнің 38 елінен 350 жуық қонақтар, Қазақстанның өз аумағынан 300-дей делегат, оның ішінде  Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, Республикалық қоғамдық бірлестіктердің және  зиялы қауым өкілдері қатысады.
Біздің облыстан Құрылтайға делегат ретінде келесі азаматтар қатысады – С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың ректоры, э.ғ.д., профессор Арын Ерлан Мұхтарұлы, Оралмандардың Республикалық «Асар» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы Әлхан Амантай, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Павлодар облысы бойынша филиалының төрағасы Зауыт Болат, облыс ІІД-нің көші-қон полициясы басқармасының бастығы Үсенов Ермек Амангелдіұлы және осы жолдардың авторы.
Алғашқы Құрылтай 1991 жылы Алматы қаласында өткен болатын. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Жарғысы бойынша Құрылтай 5 жылда бір рет өткізіледі. III құрылтай 2005 жылдың қыркүйек айында өткен. Шараның басты мақсаты – бес жылда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының атқарған жұмыстарын қорытындылап, алдағы міндеттерді айқындау, әлемдегі қазақтардың өкілдерінің басын қосып, мұң-мұқтажын тыңдау және проблемаларын шешудің жолдарын қарастыру болады.
Құрылтайды ашатын салтанатты жиынға Елбасы, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қатысып, баяндама жасайды деп жоспарлануда.
Құрылтай жұмысы үш күнге жоспарланған. Оның барысында ауқымды мәдени шаралар өткізілмекші. Дәстүрлі қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылады. Ақындар мүшәйрасы өтеді. Қазақстан өнер шеберлерінің гала-концерті және шетелден келген өнерпаздардың концерті жоспарда бар.
Бұл Құрылтайдың ерекшелігі - шетелден келген қонақтардың 60 пайыздан астамы жастар. Соған байланысты спорт шараларын кең түрде өткізу жоспарланған. Қытай, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Монғолия, Англия,  Испания және Қазақстанның әуесқой футболшы қазақ жігіттерінен құралған командалардың қатысуымен халықаралық турнир ұйымдастырылмақ. Сонымен қоса, ұлттық спорт түрлерін насихаттау мақсатында көкпар, қыз қуу, аударыспақ, тоғызқұмалақтан жарыстар өткізіледі.
Мұнда көтерілетін басты мәселенің бірі – көші-қон саласына байланысты болмақ.  Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы 1992 жылы құрылған болатын. Осы уақыт аралығында 1 миллионға жуық қазақ тарихи Отанына оралды. Көш басталған тұста шетелде 5 миллион қазақ тұратын. Қазіргі күні де әлі 5 миллион қазақ сыртта қалып отыр. Себебі жыл сайын адам өсімі арқылы көшкен ағайынның орны кемімей тұр. Қытайда орналасқан көп қандастарымыз елге оралғысы келеді. Бірақ көші-қон мәселесіне байланысты екі ел заңдарының түйіспейтін жерлері кері әсерін тигізіп отыр. Өзбекстандағы қазақтардың келуі де сиреп кетті. Бұрын квота Өзбекстандағы ағайындар негізінде орындалып келсе, былтыр 2000 отбасы шекара жабық болғанына байланысты елге орала алмады. Монғолиядағы қазақтардың оралуы жол мәселесіне тіреліп, біршама қиындап отыр. Себебі ол елден қандастарымыз Қазақстанға Ресей шекарасы арқылы өтеді. Тағы бір маңызды мәселе біліммен байланысты. Алғашқы жылдары арнайы жоғары оқу орындарына түсуге бағдарлама жасалып, квоталар қарастырылған болатын.  Бірақ білім және ғылым министрлігі түрлі сылтау айтып бұл бағдарлама толық мағынасында іске асырылмай отыр. Жоғарыда аталған мәселелерден басқалары да Құрылтайдың күн тәртібіне кіріп, олардың шешілу жолдары қарастырылады деп күтілуде.


М.Омаров.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Мамыр 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21
23 24 25 26 27 28 29
30 31