БАР ЖАҚСЫЛЫҚ - БАЛАЛАРҒА

 

    Ананың аялы алақаны. Әкенің ыстық мейірімі. Бұл балалар үйіндегі әр балдырғанның жүрегіне етене жақын ажырамас екі ұғым. Тағдырдың тәлкегімен ата-анасыз күй кешуге мәжбүр болып жүрген бүлдіршіндерді аялау – қоғамның міндеті.

    Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тағдырына жанашырлық танытатын азаматтардың басын қосып, дүйім жұртты жетім және ата-анасының қамқорынан айырылған  балаларға көмек көрсетуге шақыру мақсатында «Қуан, сәби» атты акция маусым айында басталған болатын.

    Республикалық акция өңірімізде де бастау алып, бүгінде әр аудандарды қамтымақ.  Павлодар облыстық балалар құқықтарын қорғау департаментінің мәлімдеуінше, ағымдағы жылы 14 бала асырап алынған, туыстарының қамқорына алынған балалар саны 13-ті құрады. Ал асырап алудың патронаттық бағыты бойынша 17 балғын өз отбасыларын тауыпты. Қамқорлыққа алынған балалар саны – 115. Өңіріміздің кей аудандарында жетімдер үйлері немесе интернаттық мекемелер болмаса да, «Қуан, сәби» республикалық акциясы барлық аудандарда өткізілетін болады.

     Облыс әкімдігі және облыстық саясаткер әйелдер клубының мұрындық болуымен өткен акциядан соң облыстық балалар құқықтарын қорғау департаментіне бала асырап алуға бір отбасы ниет білдіріпті. Бұл «Қуан, сәби» акциясының алғашқы нәтижесі болса керек.

     Облысымызда балалар мен сәбилер үйлерінде және интернаттық мекемелерде тәрбиеленудегі ата-анасының қамқорынсыз қалған және жетім 700-ден аса балаларға өз ата-аналық мейірімі мен махаббатын сыйға тартуға дайын отбасыларды анықтау мақсатында ұйымдастырылған игі шара өз нәтижесін береді деген сенімдеміз.

Ақмарал ЕСІМХАНОВА.

 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Шілде 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
27 28 29 30 31