ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛ-АУҚАТЫ АРТУДА

 

    Павлодар ауданында әлеуметтік саладағы жағдай   жақсара түсті. 2010 жылдың 1 шілдесіне дейінгі мәлімет бойынша жұмыспен қамту органдарында есепте тұрған жұмыссыздар саны 109 адамды құрады, бұл көрсеткіш өткен жылы  204 адамға артық болған еді. Сөйтіп аудан бойынша нарықтағы жұмыссыздық деңгейі 0,6 пайызға түсті.

    Мәліметке сүйенсек, ауданда жұмыс істеушілердің алатын еңбекақысы да өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,3 пайызға өсті. Президент тапсырмасына сәйкес бюджет саласының қызметкерлерінің еңбекақылары 2010 жылдың  1 сәуірінен бастап 25 пайызға өсірілгені де көрсеткіштің жақсаруына әсер етті.

    Тұрғындардың әлеуметтік жағдайының көтеріле бастағанына қарамастан Павлодар ауданы азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру жұмысын жалғастыруда. Аталмыш ауданның ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілері мен шаруа қожалықтары облыс орталығын арзан азық-түлік өнімдерімен қамтуға сүбелі үлестерін қосып келеді. Мәселен, Кутузов көшесі, 34-інші үйде орналасқан ауданның әлеуметтік дүкенінде сапалы тауарлардың бағасы басқа сауда орындарына қарағанда шамамен 15 пайызға төмен. Әлеуметтік дүкен ашылғалы бері мұнда 11,9 млн. теңгенің өнімдері сатылды.

    Сонымен бірге, Павлодар ауданының кәсіпкерлері облыс орталығында өткізілетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне белсенді атсалысатынын айтқан жөн. Биыл жыл басынан бері ауданның тауар өндірушілері 14,9 млн. теңгенің өнімдерін әкелген екен. Жергілікті билік әлеуметтік жағдайда жасау бағытындағы істерді алдағы уақытта да ширата түспек ойда.

Н.ҚАНАТБЕКҰЛЫ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Шілде 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
27 28 29 30 31