АЛТЫ АЙДА АТҚАРЫЛҒАН ШАРАЛАР

қауіпті жағдайлардың алдын алуға бағытталған

      Ағымдағы жылдың алты айына қорытынды жасау шарасы облыстық жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру басқармасында да болды. Басқарма бастығы Темен Жайлин атқарған жұмыстарын бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткен баспасөз мәжілісінде баяндап берді.

     Бірқатар жауапты міндетті арқалаған басқарма мамандары қандай да бір жағдайға сақадай сай екендерін айтады. Өткен жарты жылда осыны көрсете білген. Бүгінде басқарма 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарға сәйкес жұмыс атқаруда. Қызметтерін әрдайым жетілдіру мақсатында басқарма қызметкерлері тәжірибе алмасуға мән береді. Қорытындыланып отырған мерзімде олар үш бірдей республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларына және еліміздің Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің ұйымдастыруымен өткен байланыс бойынша жаттығуға қатысып, тәжірибелерін шыңдаған. Жергілікті деңгейде Ертіс және Лебяжі аудандарында баламалы жаттығулар ұйымдастырған.

     Биылғы көктемгі су тасқыны оқиғаларын еске алсақ, дәл осы басқарма аймағымыздағы табиғаттың тосын жағдайларының алдын алып, дер кезінде тиісті шараларды қолдануға бір кісідей атсалысқан. Мәселен, үстіміздегі жылдың наурыз-сәуір айларында Баянауыл ауданы әкімінің өтініші бойынша қыста қардың көп түсуінен су тасқыны қаупі төніп тұрған елдімекендерге басқарма кәсіби мамандардан жасақталған топты комиссиялық тексерістер жүргізуге жіберген. Комиссиялық тексеріс нәтижесінде облыс әкімдігінің резервінен басқармаға Баянауыл ауданының елдімекендерін қардан тазалау үшін 3,7 млн. теңге бөлінген. Бұдан кейін де қосымша тексеріс жүргізіліп, тағы да 9,8 млн. теңге аудан аумағында су тасқынына қарсы шаралар кешенін, тұрғын үйлер мен шаруашылық нысандарын судың басуынан қорғауға бағыттаған. Уақытында жұмылдырылған қызмет тобы қауіптің бетін қайтарды, дейді басқарма бастығы Т.Жайлин.  Мамандар «Қазавтодор» және «Қазақстан Темір жолы» ҰК АҚ-мен бірлесе отырып, мұз жүру кезінде Ертіс өзені арқылы өтетін көпір тірегінің қауіпсіздігін жіті қадағалауды қолға алған. Ертіс және Сілеті өзендерінің су деңгейін бақылап, әрбір өзгерісті тиісті органдарға хабарлап отырған. Басқарма қызметкерлері ауыл шаруашылығында зиянкестермен күресуге де өздерінің үлес қосқандарын айтады. Мәселен, ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айларында табынсыз шегірткенің мемлекеттік жер қорына таралуын арнайы тексеріп, нәтижесінде ауыл шаруашылығы басқармасына 13,6 млн. теңге берілген көрінеді.

     Сала мамандары жазғы шомылу маусымында  су қоймаларында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қалалар мен аудандардың судан құтқару қызметтерімен етене жұмыс істеп, қажетті шараларды атқаруға атсалысып жатқандарын жеткізді. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды болдырмау үшін басқарма жауапты органдармен біріге отырып, авариялық нысандардың мониторингін жүйелі түрде жүргізуде. Қажетті жағдайда тиісті көмек көрсететіндерін айтты. Мысалы, биыл 18 маусымда қатты дауылдан қираған Шарбақты аудандық орталық ауруханасының шатыры мен жылыту қазандығының мұржасын қалпына келтіру қажеттігі жөнінде өтініш түскен. Табиғаттың тосын «мінезінен» болған залалдың орнын толтыру үшін 4,2 миллион теңге бөлініп, аурухананың шатыры мен мұржасы қалпына келтірілген.

     Басқарма бастығының айтуынша, азаматтық қорғаныс бағытына да баса мән беріледі. Өткен жарты жылда оқу-жаттығу жиындары ұйымдастырылып, запастағы офицерлер сынға түскен. Осылайша, қызметкерлердің тәжірибелерін арттыру жүзеге асырылады. Басқарма қызметкерлері ағымдағы жылдың алғашқы алты айында жоспарланған іс-шаралардың барлығы жүзеге асқанын тілге тиек етті. Тұрғындар қауіпсіздігін сақтау үшін басталған істер әрі қарай жалғасын табады, деді мәжілісті қорытындылаған басқарма бастығы Т.Жайлин.

 

Г.ТҮГЕЛБАЙ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Шілде 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 28 29 30 31