ЖАНЫ ЖАЙСАҢ ЖАЙДАРЛЫ ЖАН

 

Жарық дүние есігін ашқан адам баласының рухани болмысы түрліше қалыптасады. Әрине, мұндай қасиет ананың ақ сүтімен дариды. Қарапайым отбасында дүниеге келген Баян Боранбаева - ауылдастарының сүйікті дәрігері. Дәрігер болуды бала күнінен армандаған ол - бүгінде халықтың ықыласына бөленген абзал жан. Семейдің медициналық институтын тәмамдаған Баян Темірболатқызы 1992 жылы Ақтоғай ауданының Әуелбек ауылына медбике болып жұмысқа келеді. Ал қазір аталмыш ауылдағы дәрігерлік орталықтың меңгерушісі. Өз ісіне адал Б.Боранбаева 2002 жылы облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Бұл күнде ақ желеңді абзал  жан - ұл-қыз тәрбиелеп отырған ардақты ана, отбасының ұйытқысы. Медицина саласында көп жылдар бойы қызмет атқарған абзал жанды ауылдастарының барлығы сыйлап, құрметтейді. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, Баян Темірболатқызы «тұрғындар үшін аянбай еңбек етемін» дейді. Әріптестері де оның еңбекқорлығына қызыға қарайды.  Себебі, ол - өз ісіне берілген жан.

 

Төлеубек  БЕКБОЛАТ,

 

 

Ақтоғай орталық ауруханасының маманы. 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Маусым 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25
27 28 29 30