Жаз мезгілі - балалар үшін ерекше кезең. Олардың асыға күткен демалыстарын көңілді өткізу үшін көптеген жағдайлар жасалады. Мәселен, «Жаз-2011» бағдарламасының аясында Заря орта мектебі «Бүлдіршін» байқауын ұйымдастырды. Оған шағын орталықтың 3 және 6 жас аралығындағы тәрбиеленушілері қатысып, өнерлерін ортаға салды. Ән айтып, би билеген әр оқушы арнайы сыйлықтарға ие болды.
1 маусым – Балаларды қорғау күнінде өткен түрлі шараларға бастауыш сынып оқушыларынан құралған 160-тан астам бала қатысты.
Меруерт ДАМИСХАН,
Заря орта мектебінің қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Павлодар ауданы.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 28 маусымдағы номерінен оқи аласыз)

