АУДАН АБЫРОЙЫН АСҚАҚТАТТЫ

Таяуда өткен ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінде біздің облыс республика бойынша үздіктер қатарынан көрінгені белгілі. Нәтижеге қол жеткізуде  аудандық мектептердің түлектері аз үлес қоспады. Аудандар арасында тестілеу көрсеткіштері бойынша екінші орынға шыққан Баянауыл өңірінің мектеп бітірушілері өздерінің барынша сапалы білім алғандарын дәлелдеді.

 

Жыл сайын ҰБТ көрсеткіштері жарияланғанда, Баянауыл өңірі облыстағы тізімнің орта сапынан табылатын. 2009 жылы мұндағы орташа балл небары 71-ді көрсетсе, былтыр 80,5 ұпай болды. Әрдайым ғылым мен өнердің ордасы саналатын киелі өңірдің ұстаздары биылғы оқу жылында намысқа басып, түлектерді тестілеу шарасына мұқият дайындады. Ұзақ күндер жүргізілген дайындық сабақтары, сапалы білім өз дегенін бағындырмай қоймады. ҰБТ қорытындысында аудан бойынша орташа балл 93,69-ды құрап, білім саласында бұрын-соңды болмаған жетістікке қол жеткізілді. Осындай көрсеткішімен аудан Павлодар, Екібастұз секілді білім саласы жан-жақты дамыған үлкен шаһарларды басып озды. Баянауылда 11 түлек мектепті «Алтын белгіге» тәмамдаса, №2 Майқайың орта мектебінің оқушысы Дамир Салықов 125 балл жинады. Біздің облыс бойынша 125 балл алу мүмкіндігіне үш оқушы ғана ие болғанын атап өткен абзал.

 

Мұрат АЯҒАНОВ,

Баянауыл ауданы.

 

(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 30 маусымдағы номерінен оқи аласыз)

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Шілде 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
        2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31