Бүгінгі таңда жол жүру ережесін бұзудың көп тараған түрі жылдамдық тәртібін сақтамау болып табылады. Соңғы бес айда облыста тіркелген 103 жол-көлік оқиғасының 22-сі жылдамдық асырудың салдарынан туындаған. Нәтижесінде 5 адам мерт болып, 23-і әртүрлі жарақаттар алған. Ал жылдамдық тәртібін сақтамағаны үшін 1381 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Осы жағдай ескеріліп әрі жол полицейлерін заманға сай құрылғылармен қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қолдауымен 38 дана «Бинар» бейнеқұрылғысы сатып алынды.
Е.ҚЫЗДАРБЕК.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 30 маусымдағы номерінен оқи аласыз)

