АРҚАНЫҢ ҚАСИЕТТІ МЕКЕНІ ЕСКЕЛДІГЕ САПАР

Жақында Павлодар облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасы жеке кәсіпкер К.С.Айтжановпен бірлесіп бұқаралық ақпарат құралдары және туристік бизнес өкілдері үшін Баянауыл ауданының Ескелді жеріндегі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының кесенесіне ақпараттық-жарнамалық тур өткізген болатын. Өңіріміздің туристік имиджін қалыптастыруға, сондай-ақ, ішкі туризмді дамытуға бағытталған игі шараға 40-қа жуық адам қатысты.

 

Мәшһүр Жүсіп бабамыздың сүйегі жатқан Ескелдіге дейінгі бес сағаттық жол мәнді де мазмұнды өтті. Облыстық    Бұқар жырау атындағы өнер және әдебиет музейінің қызметкері Мағзия Жүнісова ғұлама мен өңірге байланысты қызықты әңгімелер айтты. Жасынан зерек өсіп, қазақ этнографиясы мен әдебиетіне мол үлес қосқан  ағартушы бабамыздың өмірі жайлы көп мағлұмат алдық.

Тоқсаныншы жылдары Америка ғалымдары күннің ғарыштан тура түсетін жері Ескелді маңы екенін анықтап, оны көзбен көруге Германиядан арнайы ғалымдар келіп тамсанып қайтқан.

Жарқынбек АМАНТАЙ.

 

(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 30 маусымдағы номерінен оқи аласыз)

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Шілде 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
        2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31