Жақында Ақтоғай ауданының орталығында бүкіл қазақ даласына ерекше қасиетімен танымал болған Исабек ишан хазіретке кесене тұрғызуға қаржы жинау мақсатында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Ол байтақ далаға ислам ілімін уағыздау үшін орта ғасырда Араб мемлекетінен арнайы келген Әзірет Әли ұрпағының бірі еді. Елге дін таратқан қожаларды қазақ жұрты ерекше сыйлаған. Көпшілікке Құран-Кәрімді оқытып, Алла атын жаттатқан Павлодар облысының Ақкөл-Жайылма өңірінде өмір сүрген Исабек ишанның еңбегі зор болғандығы анық.
Хазіреті ишанның ұрпақтары да ислам дінін таратуға адалдықпен қараған. Ел арасында аңызға айналған, қасиетін халық көзімен көрген Жандарбек қожа мен оның ұрпақтарының ізгі істері осыған дәлел.
Т.СМАҒҰЛОВ.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 30 маусымдағы номерінен оқи аласыз)

