ӘКЕ АМАНАТЫНА АДАЛДЫҚ

Еліміз еңсесін тіктеп, тәуелсіздіктің жемісі айқын аңғарылып отырған тұста еселі еңбегімен жұртқа танылған аға буынды ұлықтай білу жастардың міндеті болса керек. Кешегі кеңес өкіметі тұсында халық шаруашылығының дамуына сүбелі үлес қосқан, қазіргі уақытта жұртымен бірге егемен елдің еркін ауасымен тыныстап, жатса-тұрса ел тілеуін тілеп жүрген ардақты ағаларымыз қаншама. Олар кезінде нағыз еңбек адамдары болды, әділ де шешімді басшылық қырларымен танылып, ел экономикасының гүлденуіне, халықтың әл-ауқатының көтерілуіне аянбас үлес қосты.

 

Жерлесіміз, аймақтағы алғашқы тың игерушілердің бірі әрі агрокешен саласын дамытуға ерекше еңбек жасаған Әлжан Орынбаевтың іскерлік, азаматтық қырлары өңір халқына жақсы таныс. Халық шаруашылығын дамыту жылдарында ол Павлодар өлкесіндегі ауыл шаруашылығының индустриялық жаңа деңгейге көтерілуіне бір кісідей атсалысты. Егін, мал шаруашылығының өркен жаюына, ет пен сүтті көбейтуге көппен бірге жұмыла жұмыс істеді. 60-шы жылдардан кейін жергілікті ауылдық мекендер жаңаша түрге енді. Санаулы жылдар ішінде жаңа үлгідегі тұрғын үйлер салынып, бұрынғы колхоздар іргелі шаруашылықтарға айналды. Сол замандағы агроөнеркәсіп кешеніндегі өзгерістерді көз алдынан өткізіп, мол тәжірибе иесі атанған, кейін партия қатарында қызмет еткен Әлжан ақсақал балалық шағынан бастап ауыр еңбекке араласқан.

Мұрат АЯҒАНОВ.

 

 

(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 30 маусымдағы номерінен оқи аласыз)

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Шілде 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
        2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31