Бейсенбі күні облыс орталығында өңірдегі «Жасыл ел» студенттік құрылыс және жастар жасақтарының 2011 жылдағы жұмыс маусымының ашылу слеті болып өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Әлия Ғалымова мен еңбек жасақтары облыстық штабының төрағасы Нариман Әбілшайықов қатысты.
Биылғы жылы түрлі бағыттар бойынша еңбек жасақтары штабтарына 2514 жас өтініш берген. Жылдағы дәстүр бойынша түрлі салаға бағытталған жас еңбеккерлер Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларын абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарына, сондай-ақ, тұрғын үй, мектеп, аурухана құрылыстарына қатысады. Сол секілді, «Жасыл патруль» өзен-көлдердегі шабақтарды құтқару ісіне атсалысса, «Жасыл аула» жасағы аулаларды ретке келтірмек. Ертіс өзенінің жағалауын тазарту мақсатында «Ертіс жағалауы» шарасы өткізілсе, «Ертіс жұлдыздары» үгіт-насихат сарбаздары шалғай елді мекендер мен ауылдарға барып концерттік бағдарламаларын ұсынады. Сонымен бірге, медициналық, педагогикалық, механикаландырылған топтар да жасақталып, жазғы маусымдағы еңбекке құлшынып отыр.
Жарқынбек АМАНТАЙ.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 2 шілдедегі номерінен оқи аласыз)

