Павлодар қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мұрындық болуымен жақында бос орындар жәрмеңкесі өтті. Аталмыш шара азаматтарды уақытша және тұрақты жұмысқа орналастыруға қолғабыс ету, сондай-ақ, аумағымыздағы жоғары және арнаулы оқу орындары түлектерін жұмыспен қамту мақсатында ұйымдастырылды. Осындай шара бұған дейін облыс орталығындағы бірқатар жоғары оқу орындарында өткен.
Павлодар қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының орынбасары Лариса Кузьменкованың айтуынша, бос орындар жәрмеңкесіне 26 жұмыс беруші шақырылса, оның оннан астамы шараға қатысты. Бүгінде қаланың 38 кіші және орта бизнес кәсіпорнына 360 бос жұмыс орны бар. Ал облыс орталығының 238 жұмыс берушісі 916 бос орын бар екені туралы мәлімдеген.
А.ӘДІЛБЕК.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 2 шілдедегі номерінен оқи аласыз)

