Қала әкімі А.Вербняктің 2011 жылдың қаңтар айында Төртүй ауылы тұрғындарымен өткізген есеп беру кездесуінде Зарлық Саржанов осы ауылдағы Даңқ обелискісінің айналасын көркейтіп, көгалдандыру туралы мәселе көтерген еді. Александр Федорович Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында өтініштің орындалатынына сендірген болатын. Айтылған сөз жерде қалмай, ағымдағы жылдың мамыр айында Екібастұз ауылдық округінің әкімі Құдайберген Мусин «Озеленение» кәсіпорнының директоры Б.Байбашевамен келісімшарт жасасты. Осылайша, Даңқ обелискісінің маңы 750 мың теңгеге көркейтілді. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 212 түп ағаш отырғызылды. Сонымен қатар, алаңшаға орындықтар орнатылып, айналасы жаңа шарбақпен қоршалды.
Бүгінде Даңқ ескерткіші алдындағы алаңша көз тартатын демалыс орнына айналды. Енді бұл жерде түрлі салтанатты рәсімдерді ұялмай өткізуге болады. Төртүйліктер осы үшін басшыларға, әсіресе қала әкіміне дән риза.
Ж.ӘБДІКӘРІМ,
Екібастұз қаласы.

