ҚАЗАҚТЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРІН ДӘРІПТЕДІ

Өзге ұлт өкілдері арасында өткен Павлодар қалалық «Достық» фестивалі бейсенбі күні мәреге жетті. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай ұйымдастырылған шараның басты мақсаты – өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыру, оның аясын кеңейту. Сондай-ақ, қазақ халқының тілін, салт-дәстүрін жаңғырту, Отанды сүю, патриоттыққа  тәрбиелеу болып табылады.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтілетін фестивальға қатысуға биылғы жылы 40-тан аса мекемеден ұсыныс түскен екен. Олар 24 маусым күні Қ.Әбусейітов атындағы мәдени-сауық орталығында іріктеу кезеңін өткізді. Одан іркілмей, озып шыққан 10 үміткер ақтық сында өнер көрсетті. Негізінен фестивальға Павлодар қаласындағы орта мектептер мен колледждердің, кәсіпорындардың, балабақшалардың және емханалардың қызметкерлері қатысты. Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы  Айнұр Сәрсенбаеваның айтуынша, фестивальдің ауқымы мен маңызы жыл өткен сайын артып келеді.

Фархат ӘМІРЕНОВ.

 

(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 2 шілдедегі номерінен оқи аласыз)

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Шілде 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31