Өнер адам жанын әсемдікке бөлейді. Сол өнердің бар шарапатын келешек ұрпаққа дарыту ұстаздардың міндеті. Бұл межелі міндетті атқару жолында Павлодар мемлекеттік педагогикалық колледжінің «Музыкалық білім беру теориясы және әдістеме» кафедрасы қарқынды еңбек етуде. Кафедраның алға қойып отырған басты мақсаты ұлттық тәрбие беру ісін дамыту болып табылады. Қазақ халқының ұлттық ән-күй өнерін насихаттау барысында жас ұрпақты ұлтжандылыққа, елін, жерін сүйетін нағыз патриот етіп тәрбиелеуге ерекше мән беріледі. Осы мақсаттарды жүзеге асыру барысында бір топ ұжым үздіксіз еңбек етуде.
Аталмыш кафедрада өнертану ғылымдарының кандидаты, философия ғылымдарының докторы Б.Қоқымбаева, музыка кафедрасының меңгерушісі, доцент Е.Жанайхан және басқа да ғылыми атақтары бар белгілі ұстаздар жұмыс істейді.
Т.АЗАМАТ,
ПМПИ-дің аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 2 шілдедегі номерінен оқи аласыз)

