Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE MicrosoftInternetExplorer4 /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin:0cm; mso-para-margin-bottom:.0001pt; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi;}
Сейсенбі күні Павлодар ауданы Мичурин ауылында психоневрологиялық ауруға шалдыққан адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекеме пайдалануға берілді. Бұрынғы ғимараттың жанынан салынған жаңа нысанның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Әлия Ғалымова қатысты.
Мичурин ауылындағы психохрониктерге арналған үй 1973 жылы бой көтерген. Қазіргі таңда мұнда 498 адам қомқорлыққа алынған. Сондай-ақ, мекемеде психикалық ауруға шалдыққан 1 және 2 топтың мүгедектері тұрады. «Бүгінгі таңда облыс бойынша психоневрологиялық аурумен ауыратын 370 адам осындай әлеуметтік мекемеде жату үшін кезекте тұр. Мәселені оңтайлы шешу үшін облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев психохрониктерге арналған үйдің екі қабатты корпусын салуға жергілікті бюджеттен 240 миллион теңге қаражат бөлді. Нәтижесінде 140 адамға шақталған жаңа ғимарат іске қосылды. Мұнда жүз орындық асхана бар. Психикалық аурумен ауыратын адамдардың көп болғаны өкінішті, әрине. Бірақ, олардың санаттан қалмай өмір сүруі үшін мұндай мекемелердің тигізетін әсері көп болмақ»,- деді өз сөзінде Әлия Қайратқызы.
Фархат ӘМІРЕНОВ.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 7 шілдедегі номерінен оқи аласыз)

