Астана – еліміздегі спорттық инфрақұрылымы жақсы дамыған шаһар. Бұл сөзімізге Елорда төрінде ұйымдастырылған 7-ші қысқы Азиада ойындары дәлел бола алады. Сарықұрлықтың айтулы додасын жоғары деңгейде өткізген Бас қаламызға төрткүл дүниенің дидары ауды.
Қазақ елінің есімін алты құрлыққа асқақтатқан Азиада ойындары елімізге не берді деген сұрақ баршамызды мазалайтыны анық. Ақ олимпиада алдымен мемлекетіміздің мәртебесін әлемдік деңгейде бір көтеріп тастаса, екіншіден, Астана мен Алматы қалаларын спорттық шаһарға айналдырды. Жаңа спорттық ғимараттар бой түзеп, Елорданың еңсесі тіктелді. Ойындардың ашылу рәсімі өткен «Астана-Арена» стадионы – әлемдегі теңдессіз спорт кешендерінің бірі. Республикалық велотрек, «Алау», «Қазақстан» спорт кешендері де - бірінен бірі асқан ғимараттар. Азиада еліміз үшін сәтті аяқталды. Енді бұл нысандар халық игілігі үшін жұмыс істейді.
Фархат ӘМІРЕНОВ.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 7 шілдедегі номерінен оқи аласыз)

