Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE MicrosoftInternetExplorer4 /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin:0cm; mso-para-margin-bottom:.0001pt; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi;}
Бұрнағы күні Павлодар қаласында Тәуелсіздіктің 20 жылдығы мен Астананың туған күніне орай жаңа балабақшаның тұсауы кесілді. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Әлия Ғалымова, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Айым Қанафина қатысты.
Мереке қарсаңында есігін айқара ашқан №27 балабақшаның бүлдіршіндері мен ата-аналар қауымын облыс әкімінің орынбасары Әлия Ғалымова құттықтап, жүрекжарды лебізін білдірді. «Астана күнінің құрметіне орай ашылып отырған бұл балабақша – барлығымыз үшін үлкен қуаныш. Жарқын болашақ үшін жасалып жатқан осынау игі істер жемісті болып, әрдайым туған жердің мәртебесін биіктете берейік. Сүйікті Отанымыз - Қазақстан Республикасы гүлденіп, еліміз шаттық пен құт-берекеге толсын!», -деді ол.
Нұржайна ШОДЫР.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 7 шілдедегі номерінен оқи аласыз)

