БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ОРДАСЫ

Егемен елімізде жас ұрпақтың сапалы білім, саналы тәрбие алуына ерекше мән берілуде. Әсіресе, бас қаламыз атанған Астана шаһарының ұл-қыздары мен жастары үшін мемлекет тарапынан жасалып жатқан мүмкіндіктер толағай. Соның нәтижесінде, жас қаланың жеткіншектері ел қатарлы білім алып, республикалық пән олимпиадалары мен ғылыми жұмыстар жарыстарында үнемі жеңіс тұғырынан көрінуде. Айталық, былтыр республикалық ғылыми жұмыстар жарыстарының ІV кезеңінің қорытындысы бойынша Астана қаласының командасы І орынға және “Үздік команда-2010” атағына ие болған. Жалпы, 2005 жылдан бері астаналық оқушылардың тұрақты түрде бірінші орын мен “Үздік команда” атағына ие болып келе жатқаны жас қаланың жарқын болашағына деген сенімімізді еселегендей. Сонымен қатар, Астанада “Алтын белгі” иегерлерінің де саны жылдан-жылға өсіп жатқандығы көңілге қуаныш ұялатады. Мәселен, 1998 жылы 1 ғана түлек осы белгімен марапатталған болса, өткен жылы 90, ал биыл 99 түлек «Алтын белгі» иегері атанып, ұлттық бірыңғай тестілеуде өз білімдерін дәлелдей білді.

Нұржайна ШОДЫР.

(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 7 шілдедегі номерінен оқи аласыз)

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Шілде 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 6 7 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31