Тәуелсіздігін алып, тағдыр тізгінін қолына ұстағалы бері Қазақ елінің төрі – Астанада әлемнің назарын аударған тың идеялар мен бастамалар жариялана бастады. Елордамызда осыған дейін ауқымдылығы мен маңыздылығы жағынан ерекше жоғары деңгейде бірқатар ірі басқосулар өткізілді. Оған экономиканың «жілігін шағып, майын ішкен» майталман мамандар қатысты. Мәселен, биыл өткен Астана экономикалық саммитіне Нобель сыйлығының иегерлері келді. Олардың алыстан ат терлетіп келуінің зор мәні бар. Егер бізден тың ұсыныс, тиімді бастама күтпеген болса, жерімізге табан тіреулері де екіталай. Ғажабы сол, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың осындай келелі басқосудағы баяндамасында қазіргі әлемдік экономикалық ахуалға серпін берер, серпілтер маңызды әрі іргелі ойларды үнемі тауып айтады. Осыдан кейін басқа елдердің Астанадан тамаша істер күтетіні дәстүрге де айнала бастағандай. Бірден қуаттап қолдайды, қаумалап, қызыл шоқты қыздыра түседі.
Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 7 шілдедегі номерінен оқи аласыз)

