Мемлекеттік маңызы бар басым бағыттардың бірі - халық денсаулығын жақсарту. Осыған орай, елімізде жаңа реформалық міндеттер жүзеге асуда. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында да денсаулық сақтау саласын дамытуға баса назар аударып, тиісті мекемелерге арнайы тапсырмалар жүктеген болатын. Осындай жүйелі жұмыстардың арқасында бүгінгі күні отандық медицина саласы озық технологиялармен қамтамасыз етіліп, жоғары өркениет талаптарына сай қызмет көрсететін деңгейге жетіп отыр.
Бұл ретте елордамыз Астана қаласында тұрғындарға сапалы қызмет көрсететін заманауи медициналық мекемелердің көптеп бой көтеріп жатқанын мақтанышпен атап өткен жөн. Мәселен, Президенттің тікелей бастамасымен «Астана қаласының медициналық кластері» бағдарламасы аясында елордада “Ұлттық медициналық холдингі” құрылды.
Н.АҚЫТЕГІ.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 7 шілдедегі номерінен оқи аласыз)

