АСТАНА
Астана деп ақтарылар жырым бар,
Айналаға көз салып, бір тұрыңдар.
Егеменді еліміздің жемісі –
Бақытты жас, дәулеті артқан
жұртым бар.
Көк байрағы желбіреген Ақ Орда,
Қонағына құшағы кең мол орта.
Барлық ұлттың бақ-бірлігі ұйыған,
Қазақстандай айтыңдаршы, ел бар ма?!
Елорданы бір көруге аңсаған,
Шетелдіктер дәстүріне тамсанған.
Ерлігіңді, бірлігіңді паш етіп,
Бүкіл әлем қазағыма таң қалған.
Ару Астана – Қазақстан жүрегі,
Жас ұрпақтың, болашақтың тірегі.
Тірлігіңнен қуат алып кәрі, жас,
Игі іске күнде құлақ түреді.
Құтты болсын туған күнің, Астана,
Жарқырай бер күнен күнге, бас қала.
Жырымызды тарту етіп өзіңе,
Астана деп ән саламыз шаттана.
У.СЕРЖАНОВА.

