БІЛІМДІ ДЕ БІЛЕКТІ ЖІГІТТЕР БАҚ СЫНАДЫ

Тәуелсіздіктің 20 жылдығы мен Астана күніне орай «Шаңырақ» халық шығармашылығы және мәдени ойын-сауық қызметі орталығында облыстық «Жігіт сұлтаны» байқауы өтті. Оған облыстың түкпір-түкпірінен он төрт жігіт қатысып, байқау шартына сай бес бөлім бойынша бақтарын сынады.

altҰйымдастырушылардың айтуынша, шараның басты мақсатысегіз қырлы, бір сырлы, білімді де білекті жігіттерді анықтапжеткіншектерге үлгі ету, сондай-ақ, жастар арасында ұлттық тәрбие, адамгершілік, имандылық қасиеттерін насихаттау. Айта кетерлігі, осындай биік мақсатты көздеген байқау екі күнге жалғасты. Байқаудың алғашқы күні қатысушылар «Құлагер» ипподромында аударыспақ, теңге алу сынды ұлттық ойындар арқылы өз өнерлерін көрсетті. «Қырандай қырағы, жолбарыс жүректі жігітпіндеп аталатын бұл бөлімде үміткерлердің қай-қайсысы да аттың құлағында ойнайтындықтарын дәлелдеп берді. Ал «Шаңырақ» халық шығармашылығы және мәдени ойын-сауық қызметі орталығында өткен шараның екінші кезеңінде үміткерлер өздерін таныстыру, сұрақтарға жауап беру, шеңберге ату, гір тасын көтеру, қазақ күресі және бойындағы бар өнерлерін көрсетуден сынға түсті. Бұл бөлімдерде барлық қатысушы өнер-білімнен де, күш-жігерден де кенде емес екендіктерін көрсете білді. Мәселен, байқаудың екінші кезеңіндегі «Өнерім бар, жарқылдаған алмастай» атты көрермендерді таң қалдыру бөлімінде Баянауыл ауданының намысын қорғаған Шыңғыс Құнанбаев ағаш арасының жүзіне жатып, кеудесіне қалың шеге қағылған тақтайша қойып, оның үстіне адам шығарса, Ералы Әбенов ұсақталған шынының үстінде жалаң аяқ секірумен қатар әдемі қалжыңымен көрермендерді күлкіге қарық қылды. Ал майқайыңдық Игілік Талғайрат кеудесіне кірпіш қойғызып, оны балтамен ұрып сындыртты. Жігіттердің жаныңды түршіктіретін бұл өнері шынымен де көрермендерді таң қалдырды. Байқау соңында сөз алған аталмыш мәдениет ошағының директоры, қазылар алқасының төрағасы Ермұрат Тілегенов байқауға қатысқан жігіттердің қызық та қиын осы өнері - өжеттіліктің, нағыз ерліктің белгісі екенін атап өтті.

Сонымен, екі күнге созылған облыстық «Жігіт сұлтаны» байқауына баға берген қазылар алқасының шешімімен бірінші орынды Екібастұз қаласы, Зеленая роща ауылының азаматы Еркебұлан Егінбаев, екінші орынды Шарбақты ауданына қарасты Жаңа ауыл  елді мекенінен келген Кенжеш Бейсембаев, үшінші орынды баянауылдық Шыңғыс Құнанбаев иеленді. Сондай-ақ, Лебяжі ауданының атынан қатысқан Қуан Социал «Батыр жігіт», Баянауыл ауданынан келген Ералы Әбенов «Сері жігіт», екібастұздық Наурызбай Мауытхан «Тапқыр жігіт», ал Май ауданының намысын қорғаған Азамат Балташев «Көрермен көзайымы» аталымдарына ие болды. Барлық жүлдегерлер дипломдармен марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды. Ал өзге қатысушыларға Алғыс хаттар жолданып, ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Нұржайна ШОДЫР.

Суреттерді түсірген – автор.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Шілде 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 6 7 8 9
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31