Астана күні қарсаңында Павлодар ауданының Набережный ауылында «Балбөбек» балабақшасы салтанатты түрде ашылды. «Балапан» бағдарламасының аясында пайда болған тәрбие мекемесінің тұсаукесер рәсіміне ауылдықтармен бірге аудан басшысы Төлеген Бәстенов қатысты.
Осыған дейін Набережный ауылының білімі мен мәдениетін сөз еткенде, ауызға тек жергілікті мектеп, клуб пен Даңқ алаңы түсетін. Бұрынғы «Чернорецкий» кеңшарының жартылай бұзылған кеңсе ғимараты көшенің көркін тіпті ұсқынсыз етіп жіберген-ді. Енді дәл осы ғимарат балалардың шаттық күлкісіне толған балабақшаға айналып отыр. Бюджеттен бөлінген 1 млн. теңге қаржыға алуан түрлі ойыншықтар мен әдістемелік құралдар, көркем әдебиет кітаптары сатып алынды.
Роза МҰСТАФИНА,
Павлодар ауданы.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 12 шілдедегі номерінен оқи аласыз)

