Еліміз егемендік алғаннан кейінгі 20 жыл ішінде қай салада да қол жеткен жетістіктер толағай. Әсіресе, соңғы кездері ауылдық жерлерде жеке кәсіппен айналысып, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартып, өзгелерге үлгі болып отырған еңбекқор жандар жетерлік.
Тәуелсіздіктің арқасында туған елінде ойға алған ісін алаңсыз жүзеге асырып жатқан осындай кәсіпкерлердің бірі – Успенка ауданының орталығындағы «Олжа» дүкенінің иесі Әлкеева Маржан Егінбайқызы.
Алғашқыда Маржан Әлкееваға осы жолды таңдауға әкесі жол сілтеп, ісінің алға басуына қолдау көрсеткен екен. Кейін сауда-саттықтың қыр-сырын әбден меңгеріп алған ол жанына бірге туған әпкелері Гүлнәр мен Жанарды тартып, бірлесе жұмыс істейді. «Біздің әулетте жеті бала өстік. Кейін бәріміз ер жетіп, үйлі-баранды бола бастаған кезеңде елімізде дағдарыс белең алды.
Нұржайна ШОДЫР.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 14 шілдедегі номерінен оқи аласыз)

