Мүбәрак Нығметұлынан қызмет бабымен араласқанда болсын, жай кездескенде болсын жоғары біліктілік, әмбебап білімділік, қазақтың зиялыларына тән қасиет сезілетін. Ол кісінің бойынан байқалатын ерекшелік - әділет пен адалдыққа жақ, өз ұстанымына беріктігі, әсіресе, көзі жеткен ақиқат үшін аса қажырлылық танытып, ештеңеден тайсалмай күресетіндігі таң қалдыратын. Мүбәрак Нығметұлы мен жұбайы Зәру Әбдікәдірқызы екеуі бірі инженер, бірі дәрігер ретінде жергілікті қазақ ұлтынан шыққан жоғары білімді кадрлардың алғашқы легінен еді. Баянауыл ауданының төл тумасы Мүбәрак Күзеков 75 жастан асқан шағында дүниеден өтті.
Қ.ШӘКІРОВ,
зейнеткер,
Баянауыл ауданы.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 14 шілдедегі номерінен оқи аласыз)

