Өңірдің әлеуметтік-экономикалық өміріне белсене араласып, егеменді еліміздің еңсесін тіктеуге үлес қосқан азаматтардың бірі - Абызбай Адамов. Оның облыс көлемінде және Ертіс ауданында атқарған игі істерін жұрт біледі. Жуырда аудандық мәслихаттың шешімімен Абызбай Адамұлына «Ертіс ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.
Абызбай Адамұлы Ертіс ауданына 1975 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын тәмамдағасын келген болатын. Аудандағы бір үлкен кеңшардың бас экономист маманы болып тағайындалған ол алғашқыдан-ақ өз жұмысына жауапкершілікпен қарап, әріптестерінің алды болды.
Жәдігер ЖАНСҮГІРОВ,
зейнеткер, Ертіс ауданы.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 14 шілдедегі номерінен оқи аласыз)

