ШЫРҒАЛАҢЫ КӨП ШЫТЫРМАН

 

Екібастұз қаласының бұрынғы әкімі Рамазан Жұматаевтың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды. Облысымыздың алқа билер соты үкімімен аталмыш қылмысқа қатысы бар деген айыппен құрықталған төрт күдіктінің бірі Серік Мұқантаев он үш жылға бас бостандығынан айырылды. Ал қалған үшеуі кінәсіз деп табылды. Алайда, іс мұнымен аяқталды деп айту әлі ерте сияқты. Себебі, екі тарап та, айыпталушылар мен жапа шегушілер сот үкімімен келіспейтіндіктерін білдірді. С.Мұқантаев өзінің кінәсіз екендігін дәлелдеп бағуда. Экс-әкімнің туған-туыстары болса барлық күдіктілердің тиісті жазасын алғандығын қалайды. Онымен қоса, марқұмға оқ жаудырған қылмыскер әлі ұсталған жоқ. Ол осымен төртінші жыл іздеуде. Осылайша, бірнеше жылға созылған атышулы қылмыстық істің соңы бітер емес.

Данияр ЖҰМАДІЛОВ.

 (Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 16 шілдедегі номерінен оқи аласыз)

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Шілде 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31