Биыл Алаш қозғалысының көрнекті өкілі, профессор Әлімхан Ермековтің туғанына - 120 жыл. Өзінің өмірбаянында 1891 жылы тудым деп жылын жазғанымен, туған күнін көрсетпеген екен. Әлімхан сан қилы қабілет иесі болған. Бірақ оның сан қырының ішінен мемлекетшілдігін ерекше айтқан жөн, ал осы қасиетінің көрінер тұсы, еліне сіңірген еңбегінің ең елеулісі қазақ жерінің шекарасын белгілеу жолындағы күресі деп есептейміз. Бұл мәселе 1920-шы жылдары өте өзекті еді. Жаңа құрылып жатқан Қазақ республикасының құрамына байырғы қазақ жерін түгел жинау оңай болған жоқ. Әсіресе, қазақ мәселесін тек қарулы күшпен шешуге дағдыланып алған Сібір басшылығы қазақ саясаткерлерінің Ертіс бойын Қазақ республикасына қосу ниетіне қарсы шықты.
Жамбыл АРТЫҚБАЕВ,
тарих ғылымдарының докторы,
профессор.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 23 шілдедегі номерінен оқи аласыз)

