Жақында павлодарлық бүлдіршіндер игілігі үшін тағы да бір жаңа балабақшаның тұсауы кесілді. Салтанатты шараға Павлодар қала әкімі аппаратының жетекшісі Асылхан Манкеев қатысып, балалардың қуанышымен бөлісті.
Мемлекеттік «Балапан» бағдарламасының аясында үстіміздегі жыл басынан бері Павлодар қаласында осымен төртінші болып ашылып отырған балабақшада 300 балғын тәлім-тәрбие алады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, мектепке дейінгі білім беретін бұл мекемеде 4 қазақ тілінде, 4 орыс тілінде тәрбие беретін топтар ашылатын болады. Павлодар қалалық мектепке дейінгі білім беру мекемесі секторы мамандарының сөзіне қарағанда, мұнда балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, денсаулықтарын жақсартуға және ең бастысы саналы тәрбие беру үшін барлық мүмкіндік қарастырылған.
Н.АҚЫТЕГІ.

