Қазақстанның «Даму» қоры «Даму-көмек» бағдарламасы аясында «Қазкоммерцбанкпен» бірлесе отырып, еліміздің 16 аймағында мүгедек кәсіпкерлерге тігін машиналарын тапсыру бойынша біржолғы акция өткізді. Бұған дейін «Даму» қорының аймақтық филиалдарына өз кәсіпкерліктерін ашқысы келетін мүгедек-кәсіпкерлер тарапынан өтініштер түсетін. Өткен жылы іскер зағип азаматтар тарапынан тігін машиналарын сатып алу қажеттілігі туралы өтініш жасалды. Осыған орай ұйымдастырылған акцияға республика бойынша 1 миллион 73 мың теңге қарастырылған болатын.
Жарқынбек АМАНТАЙ.

