АТЫНА ЗАТЫ САЙ БОЛСА!..

     Өзге зейнеткерлер тәрізді көгілдір экран алдында әуезді ән тыңдауға құмар жандардың бірімін. Өзара кездесе қалғанда «Бұл біздің жас кезіміздегі әндер ғой, керемет орындады емес пе?» деп тамсанып, қуанысып жатамыз. Әсіресе, ретро әндердің орындаушылары мен ұйымдастырушыларына бек ризамыз. «Қазақстан» телеарнасынан беріліп жүрген «Сегіз қырлы» жыр айтысы мен «Екі жұлдыз» бағдарламасына да тәнтіміз. Қазір ән де, әнші де көп. Алайда, «құр айқай ән емес»,-деп Абай атамыз айтқандай, әннің де «естісі бар, есері бар» екенін қазіргі тыңдарман қауым ажырата алады деп ойлаймын. Өнерлі жастардың топ құрып, көпке танымал боп жатқаны - әрине, қуанарлық жайт. Дегенмен де, арасында не болса соны ән етіп, сахнада киген киім, жүрген жүрістері рабайсыз көрінетіндері де баршылық. Мәселен, ел-жұртты осы күнге дейін әуезді әндерімен тамсандырып келген «МузАрт» ансамблі, «Серпер», «Бәйтерек», «Қоңыр» және «Жігіттер» топтары көрермендерін әрдайым қуанышқа бөлеуде. Осы күнге дейін атын естігенмен, көзім көрмегені-«Орда» тобы болатын. Жуырда көгілдір экраннан осы топтың шығармашылық кешін тамашалап отырып, көңілім су сепкендей болды. Танымал авторлардың бір де бір әнін тыңдай алмадық. Қазақ жігіттерінің шетелдік әуен мен ырғаққа бой ұсынғаны, көрермен тұрмақ, өздері түсіне бермейтін өлең мәтіндері қатты налытты. Кілең «Сен менің қасымнан неге кетіп қалдың?» тәрізді ұзын-сонар мағынасыз сөздер. Репертуарлары да «Қашқын», «Белгісіз жан» деп жалғаса береді.
     Көрермендердің көпшілігі жастар болғандықтан, қол шапалақтап, ысқырғандарына мүлдем ырғақтарын мың құбылтып, далбаса күй кешті. Бұл-«даурыққан сөз, құр айқай» емей немене? Осындай өнерден жастар қандай рухани байлық алды деп ойлайсыз?
     «Өнерге әркімнің де бар таласы» десек те, аталмыш топтың атына заты сай келмей тұрғаны, шынымен көңіліме реніш ұялатты.
Ұлттық әндерімізді нақышты шырқайтын қазақ жастары көп болса деймін.

Бақыт ӘБІЛҚАСОВА,
Қаратерек ауылы,
Май ауданы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Шілде 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 30 31