Май аудандық мәслихатының хатшысы А.Тәңірбергенов үстіміздегі жылдың ақпан айында Павлодар көлік прокуратурасына депутаттық хат жолдаған болатын. Онда Май ауылында («Май» теміржол станциясы) тұратын теміржол қызметкерлерінің экологиялық үстемақысын толық ала алмай жүргендігі айтылған. Осыған орай, көлік прокурорының бас көмекшісі Ш.Баткеева Май ауылында болып, теміржолшылармен кездескен. Аталған сауал бойынша Қазақстан Республикасының «Семей радиациялық сынақ полигоны салдарынан зардап шеккен тұрғындарды әлеуметтік қорғау» туралы заңның орындалу барысына тексеріс жүргізілген болатын. Тексеріс барысында бұл өлке радиацияның аса жоғары деңгейде, яғни 35-тен 100 бэрге дейін жететіндігі белгілі болды. Мұндай қауіпті аймақ қатарына Семейдің Абай, Абыралы, Бесқарағай, Жаңасемей аудандары жатса, Павлодар облысы бойынша Май ауданының Ақжар, Майтүбек ауылдары кіреді.
Жарқынбек АМАНТАЙ.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 2 тамыздағы номерінен оқи аласыз)

