«БІЗ - БАР-ЖОҒЫ АЛЛАНЫҢ ҚҰДІРЕТІН МАДАҚТАУШЫМЫЗ»

Құрметті оқырман! Алланың құдіретінің күштілігін бәріміз мойындаймыз. Не тірлік жасасақ та, бұл Жаратушымыздың әмірімен жүзеге асады. Жақында сәті түсіп, халық емшісі Сәуле Төңкерханқызымен жүздесудің реті түсті. Бүгін Сіздердің назарларыңызға сол сұхбатты ұсынып отырмыз.

-Сәлеметсіз бе, Сәуле апай. Мұсылмандардың қасиетті Рамазан айы мүбәрак болсын!

-Бисмиллаһир рахманир рахим! Әуелі бүкіл әлемді жаратқан Аллаға сансыз мадақтар болсын, ең соңғы пайғамбар Мұхаммедке с.ғ.с. Алланың сәлемі мен салауаты болсын. Алла ұлылардың ең ұлысы, Аллаға шексіз мақтау, Құдіретті Аллаға – мадақ! Құран Кәрiмде: «Рамазан – адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын жолбасшы ретiнде Құран түсiрiле бастаған ай. Сендерден кiм рамазан айында болса, ораза ұстасын. Кiмде-кiм науқас болып, әйтпесе, жолсапарда жүрсе, онда басқа күндерде өтесiн. Аллаһ сендерге жеңiлдiк болуын қалайды, ауырлық түсiргiсi келмейдi», - дейдi (Бақара сүресi, 2/185). Рамазан айы – Аллаһ Тағаланың ерекше ықыласы түскен, шарапаты мол, iзгi ниеттi iске сауабы көп, жыл он екi айдың ең қадiрлiсi. Ораза нәпсiнi тiзгiндеп, жүректi тазартады. Жүректе Аллаһ Тағалаға деген сүйiспеншiлiктен басқаға орын қалмайды. Бұл жақсылықтар мен сауаптардың сансыз еселеніп жазылатын Рамазан айының келуімен баршаларыңызды шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге және Сіздердің отбасыларыңызға Ұлы Жаратушының шексіз рахымы мен мейірімі түсе берсін деп тілеймін.

Сұхбаттасқан Жұмабек СМАНОВ.

(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 4 тамыздағы номерінен оқи аласыз)

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Тамыз 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
1 2 3 4 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31