Еліміздің ертеңгі болашағы - бүгінгі өсіп келе жатқан жас ұрпақ. Ұрпақ тәрбиесі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарап, өзіндік үлесін қосып келе жатқан сауықтыру- тәрбие орталықтарының бірі - Баянауыл ауданына қарасты Майқайың кентінде орналасқан «Туберкулез ауруына шалдығуы ықтимал мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Шағала» балабақшасы».
«Дені саудың- жаны сау» дегендей, дені сау, рухы таза ұрпақ өсіру ең маңызды мәселенің бірі болып саналады. Балабақшада тәрбиеленуші бүлдіршіндердің денсаулығын бала дәрігері, жас маман Қ.Альмағамбетов және медбике Ж.Қаржасова үнемі қадағалап отырады. Олар өз ісінің маманы, өте жоғары деңгейдегі медицина қызметкерлері.
Т.ҚОРАБАЕВА,
«Шағала» балабақшасының әдіскері, Майқайың кенті.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 11 тамыздағы номерінен оқи аласыз)

