«Мен қазір облыстарды бір ғана мақсатпен аралап жүрмін. Ол – Тәуелсіздіктің 20 жылында қол жеткен табыстарымызды халыққа жеткізу», - деді өткен аптада жұмыс сапарымен облысымызға келген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев. Өз сөзінде Елбасы еліміздің көркейіп келе жатқаны ең алдымен ауызбіршіліктің арқасы екенін айта келе, елдігімізді өркендету үшін халық болып түсінуге тиіс үлкен міндеттер бар екенін атап өтті. Енді соларға баса көңіл бөліп, ой елегінен тағы бір мәрте өткізсек, артық болмас.
Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 11 тамыздағы номерінен оқи аласыз)

