Мәдениет министрлігі 2011-2020 жылдарға арналған Тілдерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі қоғамдық кеңес құрмақшы. Бұл туралы апта басында министрліктің журналистермен өткізген баспасөз мәслихатында белгілі болды.
Мәдениет министрлігінің жауапты хатшысы Жанна Құрманғалиеваның айтуынша, кеңес, ең алдымен, тіл мәселесіндегі сұхбат алаңы міндетін атқармақ. Екіншіден, заңнамаларды жетілдіріп, мемлекеттік бағдарламаның орындалуына ықпалын тигізбек. Үшіншіден, елдегі қазақ тілін үйрету орталықтарының қызметін қадағалап, бір жүйеге салмақ.
Интернеттен әзірлеген М.АЯҒАНОВ.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 11 тамыздағы номерінен оқи аласыз)

