Қыс мезгіліне дайындық жұмыстарын жүргізу барысында Павлодар қаласындағы 210 тұрғын үйде ыстық су ажыратылған. Мұндай олқылық уақытша ғана орын алып отыр. Бұл туралы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы Игорь Рыбас жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен өткен жиында мәлімдеді. «Жөндеу жұмыстарын ыстық суды ағытып барып жасау керек. Ал тұрғындардың алаңдауы бекершілік»,- дейді бөлім бастығы.
- Қыстың қамын жаз ойла демекші, қазіргі таңда Павлодар қаласындағы көп қабатты тұрғын үйлердің су құбырларына дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Фархат ӘМІРЕНОВ.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 13 тамыздағы номерінен оқи аласыз)

