Бейсенбі күні Лебяжі ауданындағы педагог қызметкерлердің тамыз конференциясы өтті. Тұғырлы Тәуелсіздігіміздің 20 жылында білім беру саласында қол жеткізген жетістіктерді айшықтап, 2020 жылға дейінгі даму стратегиясының іске асу жолдарын талқылаған жиынға облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты.
Былтыр қазақстандық білім саласында болған басты жаңалық білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының бекітілуі еді. Елбасының жеткіншектердің өмір сапасын жақсарту, оған байланысты әлеуметтік құрылымдарды жетілдіру жөнінде берген тапсырмаларына орай, жаңа бағдарламада балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға ерекше көңіл бөлінгенін айта кету керек. Бұл орайда бағдарламаның ауылдық аймақтарда қалай жүзеге асатыны да маңызды саналады.
Мұрат АЯҒАНОВ,
Лебяжі ауданы.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 20 тамыздағы номерінен оқи аласыз)

