Тәуелсіздікке қол жеткізіп, егемен ел атанғанымызға биыл - 20 жыл. Бұл ата-бабамыздың ғасырлар бойы аңсап күткен арманы еді. Тәуелсіздік көктен түскен сый емес. Осы жолда ұлтымыз небір ауыр зұлматты бастан кешті, талай арыстай азаматтарымыз азаттық, еркіндік жолында жасындай жарқылдап ауыр азап шегіп, жандарын қиғаны тарихтан белгілі. Олай болса, бүгінгі тәуелсіз, ерікті, азат елдігімізге тең келер қазына жоқ. Ендігі зор міндет – асылдан да ардақты тәуелсіздіктің баянды болуы, бүкіл алаштың ұлт ретінде ұйысып, мәңгілік жасай беруі жолында аянбай еңбек ету.
Серік САТЫБАЛДИН,
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Павлодар облыстық аумақтық инспекциясының мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі бас маманы.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 23 тамыздағы номерінен оқи аласыз)

