Мектеп оқушысы, ата-аналар мен ұстаздар қауымы асыға күтетін Білім күні мерекесі де келіп жетті. 1 қыркүйекте Павлодардың 48 мектебінде алғашқы қоңырау сыңғырлады. 3 500 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттап, алғашқы ұстаздарымен қауышты. Қуанышты мерекені қала әкімі Бақытжан Жоламанов №21 мектеп оқушыларымен бірге қарсы алды.
Күміс қоңыраудың үнімен әрленген шарада Бақытжан Жоламанов оқушыларға білім шыңдарын бағындырып, ел келешегі жолында аянбай еңбек етулерін тіледі. Мектеп директоры Тамара Веневитина жиналған жұртшылықты құттықтап, оқушылардың жеткен жетістіктерін тілге тиек етті. Айта кетерлігі, бұл мектеп – облыс орталығындағы үздік білім беру мекемелерінің бірі.
Қала әкімінің баспасөз қызметі.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 3 қыркүйегіндегі номерінен оқи аласыз)

